RU
"Жалғыз қалма": Танымал әнші Жанар Хамитованың құрметі үшін бейнебаян түсірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жалғыз қалма": Танымал әнші Жанар Хамитованың құрметі үшін бейнебаян түсірді

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Рысбек Аташ жақында қайтыс болған Жанар Хамитованың құрметі үшін бейнебаян түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Көптің қолдауымен басталған Жанардың құрметіне арналған бейнебаян түсірілімі бітті. Алла қаласа 2-3 күнде, арналардан немесе интернет жүйелерінен көре аласыздар. Рақмет бірге болғандарыңызға! Қолдауларыңызға алғыс білдіремін", - деді Рысбек Аташ.

Өнер иесі әннің аты "Жалғыз қалма" деп аталатынын жеткізді.

Оның айтуынша, бейнебаян Алматы қаласында 21-22 қыркүйек күндері түсірілген.

Сондай-ақ, Рысбек Аташ жаңа туындының сценарийіне тыңдармандардың көмектескенін жасырмады.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйек күні Жанар Хамитова қайтыс болды. Қаралы хабарды өнер иесімен бірнеше мәрте дуэт айтқан Әбубәкір есімді жас әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлаған болатын.

Кейін Қарағанды облыстық полициясы әншінің өлімін растап, пікір білдірді. Ал марқұмның әкесі қызының өлімін тағдырдың ісіне балап, ешкімді кінәламауға шақырды.

18 қыркүйек күні Жанар Хамитованы қалың жұрт Қарқаралыда жерледі.

Фото: Рысбек Аташтың жеке мұрағаты

Фото: Рысбек Аташтың жеке мұрағаты

Фото: Рысбек Аташтың жеке мұрағаты

Фото: Рысбек Аташтың жеке мұрағаты

Сіздің реакцияңыз
4
2
2
8
1
39
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel