RU

Үндістанда төрт аяқты, үш қолды нәресте өмірге келді (фото)

Үндістанның Раджастан штатында ерекше қыз бала дүниеге келді. Нәрестенің төрт аяғы мен үш қолы бар деп хабарлайды The Mirror-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Caters News
Фото: Caters News: UGC

Cәбиді 24 жастағы әйел адам босанды.

Нәрестемен бірге егіз ағасы да дүниеге келген. Дәрігерлер оның денсаулығында кінәрат жоқ екендігін жеткізген.
Фото: Caters News
Фото: Caters News: UGC

Жергілікті дәрігерлердің болжауынша, үндістандық үшемді өмірге алып келу қажет болған. Алайда екі ұрық бірігіп кеткен.

Жүктілік кезінде әйел адамның арнайы тексерістен бірде-бір рет өтпегені белгілі болды.

Сондықтан бұл туралы мәселені білмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818124-ndistanda-trt-aakty-s-koldy-nreste-mirge-keldi-foto.html