RU
Моуринью мадридтік "Реалды" қайта жаттықтыруға байланысты ойын айтты
Жаңалықтар Спорт

Моуринью мадридтік "Реалды" қайта жаттықтыруға байланысты ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Португалиялық атақты тренер Жозе Моуринью мадридтік "Реалды" қайта жаттықтыруға байланысты туындаған сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өткен маусымның ортасында корольдік клубтың тізгінін ұстаған Зинедин Зидан болатын.

Жанкүйерлер франциялық бапкерден көп үміт күтетіндерін әлеуметтік желіде ашық білдірді.

Жазғы ауысым кезінде клуб сапына Эден Азар сынды танымал ойыншылар келіп қосылды.

Алайда соңғы уақытта "Реал" клубы сүреңсіз ойынымен көзге түсіп жүр.

Осыған байланысты корольдік ұжымның басшылығы Зинедин Зиданды бапкер қызметінен қуады деген сыбыстар шетелдік БАҚ беттерінде жазылуда.

Жергілікті басылымдар "Реал" жаттықтырушына үміткерлердің қатарында португалиялық маманның бар екенін ашып айтты.

Eurosport.ru таратқан ақпаратқа сәйкес, Жозе Моуринью да бұған қатысты пікір білдірген.

"Мен "Реалға" келгім келмейді. Себебі "Реалдың" тренері бар. Бас бапкері бар команданы жаттықтыра алмаймын. Біз тек "Реалға" ғана емес, "Реалдың" тренеріне де сыйластық танытуымыз керек. Себебі ол - көшеден келе салғана адам емес", - деді португалиялық маман.

Айта кетейік, Жозе Моуринью 2010-2013 жылдары корольдік клубты жаттықтырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel