Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Левит Әлем чемпионатындағы әділетсіз жеңілістен кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған қазақстандық боксшы Васелий Левит өзінің командасы мен жанкүйерлеріне алғысын айтты. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біздің барлық командамызға, соның ішінде осы жарысқа табандылықпен дайындаған бапкерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Оларға денсаулық пен шыдамдылық тілеймін. Жылы тілектерін әлі күнге дейін жаудырып жатқан жанкүйерлерге де рақметімді айтамын", - деді боксшы.

Еске сала кетсек, Қазақстан бокс федерациясы АІВА президенті міндетін уақытша атқарушы Мұхаммед Мустасанға Василий Левиттің әділетсіз жеңілуіне орай хат жолдады. Қазақстандық тарап Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалындағы күмәнді жекпе-жектен соң түсінік беруді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818141-levit-lem-cempionatyndagy-diletsiz-zeilisten-kejin-mlimdeme-zasady/

pixel