Тина Канделаки бокстан Қазақстан құрамасының бапкерін құшақтап алды
Ресейлік продюсер, тележүргізуші Тина Канделаки бокстан Қазақстан құрамасының аға бапкері Мырзағали Айтжановты құшақтап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы видео Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Кадрдан атақты тележүргізушінің Қазақстан құрамасының бапкерлері және боксшыларымен суретке түсу үшін келіп, аға жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа "Құшақтауға болады ма? Сіздің әйеліңіз бар ма?" деп әзілдегені байқауға болады.
Айта кетейік Тина Канделаки Екатеринбургте бокстан өткен әлем чемпионатының финалдық бәсекесін жүргізген болатын.
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
3
20
2
Тағы да оқыңыздар