Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ислам Каримовтың кіші қызы әпкесі туралы күтпеген сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Өзбекстанның алғашқы президентінің кіші қызы Лола-Каримова-Тилляева Instagram желісінде оқырманның қойған сұрағына жауап берді. Желі қолданушысы келіншектің әпкесі Гүлнар Каримованың тағдырына қатысты ойын білгісі келген. Бұл туралы CA-News.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: rus.ozodi.org
Фото: rus.ozodi.org: Instagram

Пікір білдіруші "Мені осындай ақымақ сұрағым үшін кешіріңіз. Сіздің әпкеңізге жаныңыз ашымай ма?" деген сауал қойды.

Бұл сұраққа жауап берген Лола Каримова-Тилляева қазір жақын туысының басынан өтіп жатқан жағдайға өкініш білдірді.

"Мен оның тағдыры үшін алаңдаймын. Оның бостандығы мәселесі бойынша оң нәтиже шығаруға ықпал ете алмаймын. Бұл менің жеке қалауыма емес, әділ сот органдарына байланысты екені айдан анық. Сіздер маған ешқашан иленбеген және иелік етпеген билікті айтып отырсыздар. Мен тек әпкем үшін дұға жасай аламын", - деді марқұм президенттің қызы.

Айта кетейік, таядау ғанна Гүлнәр Каримованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа келіншекті кезекті сот тыңдалымынан кейін белгісіз бағытқа алып кеткенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818189-islam-karimovty-kisi-kyzy-pkesi-turaly-ktpegen-srakka-zauap-berdi/

pixel