RU
Атырау облысында 36 жастағы жүкті келіншек көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында 36 жастағы жүкті келіншек көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Атырау облысында келіншек жүктіліктің 20-шы аптасында қайтыс болды. Болашақ ана Жылыой аудандық ауруханасына бактериялық-вирустық этиологиядағы пневмониямен асқынған ЖРВИ-мен түскен деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Дәрігерлердің айтуынша, келіншек ауруханаға түспес бұрын екі апта үйінде өзі емделген.

Ақ халаттылар қанша тырысқанымен, екіқабат әйелдің өмірін сақтап қала алмаған.

Атырау облыстық прокурорының орынбасары 17 қыркүйек күні жоғары температурасы бар 36 жастағы келіншек жансақтау бөліміне түсіп, бірнеше сағатта қайтыс болғанын хабарлады.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel