RU
"Игра престолов" телехикаясы төртінші рет "Үздік драмалық сериал" атанды
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Игра престолов" телехикаясы төртінші рет "Үздік драмалық сериал" атанды

Рассказать Вконтакте

"Игра престолов" телехикаясының сегізінші, соңғы маусымы "Үздік драмалық сериал" санаты бойынша "Эмми" жүлдесін жеңіп алды. Марапатты табыстау рәсімі жексенбі күні Лос-Анджелесте өтеді деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Игра престолов" соңғы он жыл бойы таспаланған сериал. Оның соңғы маусымы ағымдағы жылдың сәуір айында жарық көрді.

Телехикая әр жылдары "Эммидің" рекордтық марапаттарын алды.

Мысалы, "Үздік драмалық сериал" номинациясын телехикая осымен төртінші рет иеленуде.

Аталған жүлдедегі сериалдың қарсыластары "Лучше звоните Солу", "Убивая Еву", "Озарк", "Телохранитель", "Поза", "Наследники" және "Это мы" болды.

Айта кетейік, "Ирга престоловтың" соңғы маусымы сериал жанкүйерлерінің көңілі шықпаған еді. Екі миллионға жуық адам сегізінші маусымды қайта түсіруді ұсынып, петицияға қол қойған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel