RU
Күйеуіңіз неге махаббатты сырттан іздейді?
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуіңіз неге махаббатты сырттан іздейді?

Рассказать Вконтакте

Әрбір әйел өмірлік серігінің өзіне қиянат жасамағанын қалайды. Сезіп қалған жағдайда да оны балалары үшін, отбасын сақтап қалуы үшін кешіре алуы мүмкін, бірақ, көңілде бәрібір сыз қалады. Еркектің некелі жарына опасыздық жасауына не себеп болады? Оның алдын алуға бола ма? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

1.Тәрбие басы - тал бесік

Еркектің жыныстық қатынас бойынша қалауы мен қарым-қабілеті оның организміндегі тестестерон гормонына тікелей байланысты. Бұл гормон қаншалықты организмде көп бөлінсе, еркектің де жыныстық құмарлығы соғұрлым жоғары болады. Міне, осындай қалауы жоғары еркектер өз әйелінен қанағат таппаған кезде басқаға көз сүзеді.

2. Өз-өзіне ренжу

Егер әйел ерінің қадіріне жетпей, оған алғыс айтуды білмей, оны қолдап-ынталандырудың орнына аяғынан тартып, ұдайы проблемалар жайлы айта берсе, соңы жақсылыққа апармайды. Ер-азаматқа да өзіне әйелінің риза болғаны, мақтау айтқаны, сүйсінгені маңызды.

Қуанып жүретін әйелді емес, керісінше, үнемі тағдырына, осындай күйеу жолыққанына нали берсе, әрине, күйеуі өзін кінәлі санай бастайды. Дәл осындай кезде басқа бір әйел мақтау айтып, кішкентай ғана ісін үлкен іс тындырғандыққа балап, ер адамның рухын көтеріп қойса, еркек те соның жанында болуға ұмтылады.

3. Ерлі-зайыптының арасындағы "көрінбейтін байланыс"

Ерлі-зайыптының бір-біріне деген міндеті, жұбайлардың қатынасында өзінің қалауын әйелінен сұрай алмауы, сұраған күнде де теріс жауап алуы еркекті қиянат жолына бастайды. Ер адамның жаратылыс бөлек, олар әдетте жыныстық қарым-қатынасқа көбірек мән береді.

4. Әйелдің ұқыпсыздығы

Көбінесе тұрмысқа шыққанға дейін, кейін тұрмысқа шығып, балалы болғанға дейін өзіне күтім жасап жүрген әйелдер кейінірек бар назарын балаға аударып, күйеуі үшін әдемі көріну қажеттігін естен шығарып жатады. Әрине, мұндай жағдай еркектің қызығушылығын біршама салқындатып қояды. Әйеліне "әйел" деп емес, "балаларымның анасы" деп қана қарайды.

5. Күйеуді "қадағалау"

Жасыратыны жоқ, кейбір әйелдер күйеуінің жүріс-тұрысын, басқан ізін аңдып, есеп алып отыруды жаны сүйеді. Жұмыс орнына қоңырау шалып, шынында да жұмыста отырғанына көз жеткізіп алады. Үйге бес-он минут кешігіп келсе, тергей жөнеледі. Мұндай тергеулер тып-тыныш жүрген еркектің ашуын келтіріп қана қоймай, сол жолға итермелейді.

6. Босбелбеу еркек

Үйде әйел басшы болып, күйеуінен көп табыс тапса және онысын артықшылық деп санап, күйеуіне міндет қылса, балаларының алдында еркектің дәрежесін түсіріп, қадірлемейтін болса еркек басқа әйел іздей бастайды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
7
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel