Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олар көшедегі "мешок" емес: Қазақстан құрамасының капитаны өзбек боксшылары жайлы айтты

Опубликовано:

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өз мансабында екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Екатеринбургте өнер көрсеткен ол өзбек боксшылары жайында сөз қозғады деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстан Бокс Федерациясы
Фото: Қазақстан Бокс Федерациясы: Facebook

Айта кетейік, 2017 жылы әлем біріншілігінің финалында әзірбайжандық Магомедрасул Межидовтен жеңілген Қоңқабаев биыл Ресейде Баходир Джалоловқа есе жіберді.

Осы орайда боксшы финалдағы жеңлісіне қатысты пікір білдірген.

"Әрине, қателіктер болды. Бұл "күмісті" Олимпиаданың "алтынына" айналдыру үшін жұмыс істейміз. Мен еліміздің әнұраны орындалғанын қалаймын. Бұл турнирде жеңімпаз болғым келді. Супер ауыр салмақта алғашқы әлем чемпионы боламын деген мақсат қойғанмын. Жүзеге аспады. Финалда өзімді 100 пайыз көрсете алмадым", - деген отандасымыз өзінің қарсыласы туралы да сөз қозғады.

Қамшыбектің сөзінше, Джалолов жыл сайын қарқын жинап келе жатқан шебер боксшы.

"Олар да адам, соққы жіберіп алғысы келмейді, соған дайындалады. Олар көшедегі "мешоктар" емес. Қиынға соқты, бірақ сұлата алғанымда, жақсы болар еді. Қателіктерді тек өзімнен көріп тұрмын. Енді олармен жұмыс істеймін. Демек, маған жеңіске бір нәрсе жетіспеді", - деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818216-olar-mesok-emes-kazakstan-kramasyny-kapitany-zbek-bokssylary-zajly-ajtty/

pixel