RU
"Жасы 19-да, акцияларға бұрын да қатысқан": ІІМ митингте ұсталған қызға қатысты пікір білдірді

"Жасы 19-да, акцияларға бұрын да қатысқан": ІІМ митингте ұсталған қызға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов ведомство брифингінде желідегі "кәмелеттік жасқа толмаған қыздың" ұсталған видеосы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Кәмелеттік жасқа толмаған" қыздың ұсталған видеосы желіде тарап кетуі фактісіне сәйкес, мәлімдеймін. Ол 2000 жылы дүниеге келген, жасы 19-да. Анықталғандай, бойжеткен бүгінгі күнге дейін осы тектес акцияларға бірнеше рет қатысқан", - деді Сәденов.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлерінің санкцияланбаған митингке қатысуды тоқтату туралы бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, ол өз ісін жалғастырып, құқық қорғау қызметкерлерін арандатып, агрессия тудыруға әрекеттенген.

"Осыған байланысты, ол басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Профилактикалық жұмыстан кейін жіберілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір топ адам санкцияланбаған митинг ұйымдастыруға тырысты. Елордада 50 адам ұсталды.

Сіздің реакцияңыз
13
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel