RU
Есте сақтау қабілетін жоғалтқан ару күйеуіне қайта ғашық болып қалды (фото)

Есте сақтау қабілетін жоғалтқан ару күйеуіне қайта ғашық болып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Басына құлаған шатырдың кесірінен есте сақтау қабілетін жоғалтқан канадалық Лора есімді ару өзінің күйеуіне қайта ғашық болып, енді тұрмысқа шықпақшы деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Болашақа жұбайлар 2016 жылы танысып, бір-бірі үшін жаралғандарын бірден түсінген. Олар үйленіп, өздерінің шағын фотокәсібін ашқан.

Алайда жас жұбайлардың бақытты сәттерін фотоға түсіруге келген Лораның өзі бақытсыздыққа тап болады. Қатты желдің салдарынан басына шатыр құлаған ол есін жоғалтқан.

Лора оянған сәтте өзінің соңғы бірнеше жылын, ең маңыздысы - сүйіктісі Брейденді есіне түсіре алмаған. Оны үнемі басының ауруы мен жүрек айнуы мазалап, тіпті университеттегі оқуын тастауға тура келген.

Алайда Брейден оны үнемі қолдап, жанынан табылған. Лора болса не күйеуін, не қарым-қатынастарын, есіне түсіре алмапты. Өзінің өткеніне сенген ол некесін бұзғысы келмеген.

"Брейден деген кім екенін білмесем де, ол маған мейірімді әрі шыдамды болды. Сондай-ақ, ол сүйкімді және қызықты болған соң, қолымдағы сақинамды шешіп, оған бәрін басынан бастауға ұсыныс жасадым. Алдымен онымен достастым, артынша қайтадан ғашық болдым", - дейді Лора.

Брейден жақында ғана Лораға екінші рет ұсыныс жасап, ал қалыңдық болса келісімін берген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel