RU
Ана сүтінің орнына күніне 1,5 литр кофе ішетін сәби әлемді таң қалдырды (фото)

Ана сүтінің орнына күніне 1,5 литр кофе ішетін сәби әлемді таң қалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Индонезияның Батыс Сулавеси аймағында 14 айлық Хадиджа Хаура есімді сәби тұрады. Ол күніне 1,5 литр қант қосылған кофе сусынын ішеді деп жазады 120.su-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Хадиджаның ата-анасы кокос плантациясында жұмыс істейді. Олардың табатын қаражаты сүт немесе балаларға арналған құрғақ қоспа алуға жетпейді.

Осы себепті де бүлдіршін қант қосылған кофені ішеді. Ата-анасының айтуынша, бұл сусын балаға қатты ұнайды.

Жас отбасының хикаясы жергілікті БАҚ беттеріне шыққан соң, олардың үйіне Денсаулық сақтау департаментінің шенеуніктері сүт пен құрғақ қоспа ала келген.

Хадиджаның денсаулығын тексерген олар баланың денсаулығын кофе ешқандай зақым келтірмегенін анықтаған.

Дегенмен шенділер баланың ата-анасынан мұндай қауіпті тәжірибе жасамауларын өтінген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel