RU
Өзбекстан билігі тойға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салды

Өзбекстан билігі тойға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан парламентінің қос палатасы біріккен отырыста отбасылық шараларды өткізу ережесін бекітті деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Көрнекі фото: 7445252.ru

Көрнекі фото: 7445252.ru

Ережеге сай, келер жылдан бастап Өзбекстан халқы тойға 200-ден артық қонақ шақыра алмайды.

"Палау беру" рәсіміне шақырылатын адамдар саны 250-ден аспауы тиіс. Егер қос жұп тойы болса, оған 250-ге дейін ғана адам қатыса алады.

Сондай-ақ, жаңа ережеге сәйкес жаназамен байланысты рәсімдер үш күннен артық созылмауы тиіс.

Сонымен қатар жаңа тәртіп бойынша, шара кезінде және одан кейін де "ұлттық дәстүрге қайшы келетін" ғұрыптар атқаруға тыйым салынған.

Бұл енгізілген ережелердің орындалуын барысын аудандық кеңес басшылары қадағаламақ.

Айта кетейік, мұндай шектеу Тәжікстанда да енгізілген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel