Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі актрисаның миллиардер атасы өмірден өтті

Опубликовано:

Hilton қонақ үйлер желісінің иесі Баррон Хилтон 91 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның немересі Пэрис Хилтон твиттердегі парақшасында жазды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ол арманшыл, сұлу, мейірімді аңыз адам болатын. Оның өмірі жетістіктер мен шытырманға толы болды", – деп жазды әйгілі актриса, әнші Пэрис Хилтон.

Ол бала кезінен атасынан бизнесмен ретінде үлгі алғанын сөзге тиек етті.

Баррон қонақ үйлер желісінің негізін қалаушы – Конрад Хилтонның ұлы. 30 жыл бойы ол Hilton Hotels Corporation-ның бас директоры қызметін атқарды. Қонақ үйлер санын арттырып, миллиардер атанды.

2007 жылы Баррон әкесінің жолын қуып, сол кездері 2,3 млрд долларға бағаланған мүлкінің 97 пайызын Конрад Н. Хилтон қорына аударатынын мәлім еткен болатын.

Осылайша, ол отбасы мүшелерін өзінің тапқан барлық қаражатына мұрагер болу мүмкіндігінен айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818261-peris-hiltonny-milliarder-atasy-mirden-ozdy/

pixel