Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі рет айырылыстық": Динара Қырықбаева күйеуімен қалай танысқанын баяндады

Опубликовано:

Танымал әнші Динара Қырықбаева желіде күйеуімен қалай танысқанын айтып, көпті таңғалдырды. Үш баланың анасының айтуынша, ол жан жарымен шаңырақ құрмастан бұрын екі рет айырылысып кеткен екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Әнші бұрын-соңды айтылмаған сырын өзінің Instagram парақшасына жазуды жөн көрген.

"Олжаспен қалай таныстым? 2009 жылы біздің кездесуімізге себепкер болған Әлия есімді әпкем болды. Себебі олар бірге жұмыс істеді.

Ол Олжасқа менің ашық, елмен тез тіл табысатын, еңбекқор екенімді айтқан.

Мен де онымен танысуға қарсы болмадым. Осылайша ол маған қоңырау шалды. Біз Тимирязев-Әуезовке көлігімізбен келіп, таныстық.

Мен ол кезде өзімше болғанымды жасырмаймын. Сөйтіп мейрамханада кешкі ас ішетін болып келістік. 2 айдай кездесіп, айырылысып кеттік", - деп өз әңгімесін бастаған әнші.

Өнер иесі болашақ жарымен кейін әпкесінің тойында кездескінін айтқан.

"Мен ол кезде қалыңдықтың қыз жолдасы болдым, ол тойға қонақ ретінде келген екен. Сөйтіп тойда екінші мәрте кездестік.

Тағы да сезім оты лаулап, кездесе бастадық. Бірақ тағы көп ұзамай айырылысып кеттік.

Құдайдың өзі мүмкіндікті үш рет береді дейді. Сонымен әпкем өзінің қайын енесі жұмыс істейтін орнына келген. Сонда енесі: "Мұнда Олжас та жұмыс істейді" депті.

Әпкем Олжастың жұмыс кабинетіне кіріпті, сол кезде ол мен жайлы сұрапты. Әпкем: "Динара әлі тұрмыс құрмады, сен де үйленбепсің", - депті.

Сол кезде ол "Онда бірге отырып, тамақтанайық" деген. Сөйтіп үшінші рет кездестік. Шыны керек, сол сәтте мен оның өз адамым екенін, онсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Ол да дәл солай ойлаған шығар деген сенімдемін.

Осылайша 2015 жылы үйлендік. Биылғы жылы біздің отбасымызға 4 жыл толды және біздің үш баламыз бар. Міне осындай оқиға. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін!", - деп жазбасын аяқтаған ол.

Сонымен бірге, ол желідегі оқырмандарына "жолдасының үйлену туралы ұсынысты қалай жасағанын білгілеріңіз келсе, жауаптарыңызды жазыңыздар" деген.

Желі қолданушыларының көпшілігі әншінің махаббат хикаясының қалай жалғасқанын білгілері келетінін жазған.

"Әрине білгіміз келеді", "Өте қызық оқиға, ұсынысты да айрықша еті жасаған шығар", "Жарайсыздар, бақытты болыңыздар", "Жүздеріңізден дәл осындай күлкі кетпесін деген тілектерін" , - деп жарыса жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818270-eki-ret-ajyrylystyk-dinara-kyrykbaeva-kjeuimen-kalaj-tanyskanyn-baandady/

pixel