RU
"Үшеуі ауыр халде": Арыс маңында жараланған саперлардың жағдайы қалай?

"Үшеуі ауыр халде": Арыс маңында жараланған саперлардың жағдайы қалай?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет отырысында Арыста зардап шеккен саперлердің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның қауіпсіздігіне байланысты қажетті шаралар қабылдануда. Өкінішке қарай, түрлі себептермен детонация немесе жарылыс секілді оқиғалар орын алады. Оның нақты себебін тергеу амалдары анықтап жатыр", - деді Ермекбаев.

Министр зардап шеккен әскерилерге барлық қажетті көмек жасалып жатқанын жеткізді.

"21-і күні зардап шеккен әскерилер шұғыл түрде госпитальге жеткізіліп, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.
Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Біреуінің алған жарақатына қарай жағдайы орташа деңгейде және алтауының жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Жақын арада олар қатарға қосылады деп үміттенеміз",- деді Ермекбаев.

Ол қызметтік жұмысын орындау кезінде жарақат алғандарға материалдық өтемақы қарастырылғанын еске салды.

"Денсаулықтары түзелгеннен кейін әскерилердің жағдайына қатысты медицина қызметкерлері бағалау жүргізеді. Егер де олар қызметке жарамды деп танылса, қатарға қосылады", - деді ведомство басшысы.

Ермекбаевтың пайымынша, тұрғындарға алаңдаудың реті жоқ.

Сонымен қатар, министр кейбір сарапшылар оқ-дәрі фрагменттерін әскери бөлімнің аумағында жоюды ұсынғанын атап өтті.

"Мысалы, арнайы техниканың көмегімен жүргізу ұсынылды. Бұл тұрғыда не болуы мүмкін? Осы орайда аса қуатты емес 1,2,3 жарылыс орын алуы мүмкін, бірақ та бұл көрініс жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырады. Себебі үйлер жақын орналасқан.

Оның үстіне оқ-дәрі сынықтары жан-жаққа ұшуы ықтимал. Сондықтан жергілікті тұрғындардың мүддесін ескере отырып, оқ-дәріні 60 шақырымнан кем емес қашықтықта орналасқан арнайы полигонға шығарып, сол жерде жою туралы шешім шығарылды.

Алайда ең қауіптісі – ол шығару мен тасымалдауға қатысты. Осындай жұмыстар барысында түрлі жағдайлар орын алады", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Еске сала кетсек, Арыс қаласынан 60 шақырым жерде арнайы жабдықталған полигон аумағында оқ-дәрінің фрагменті жарылып, соның салдарынан 10 адам жарақат алды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel