RU
Адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Рассказать Вконтакте

ҚР ІІМ адам ағзаларын трансплантациялаумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қылмыстық топ 2017 жылдан бері Қазақстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан. Донорларды Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан, ал реципиенттерді (қан немесе басқа дәрі құйылуға тиісті ауру адам) Израильден тартқан.

"Тіпті, қылмыскерлер мен клиниканың медициналық қызметкерлері өздерінің арасында донорларды "ет" деп атаған", – дейді ведомство өкілдері.

Болжам бойынша, қылмыскерлер 50-ден астам заңсыз ота жасап, шамамен 10 млн доллар табыс тапқан.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР ІІМ адам ағзасын заңсыз иемдену факті бойынша тергеу барысында трансплантолог Г.М. Құттымұратовты ұстаған болатын. Оған қатысты тергеу шаралары әлі де жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
6
5
8
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel