RU
Тамбурда темекі шегіп тұрған әйел пойыздан құлап кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Тамбурда темекі шегіп тұрған әйел адам пойыздан құлап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы теміржол жолдарында тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Тамбурда темекі шегіп тұрған әйел адам абайсызда құлап кеткен деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Басылымның мәліметінше, келіншектің пойыздан құлап кеткені туралы суретті редакцияға оқырмандар жолдаған.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Сурет авторының айтуынша, оқыс оқиғадан зардап шеккен әйел адам жолсерік болып жұмыс істейді екен.

Олардың сөзінше, тамбурда темекі шегіп тұрған сәтінде келіншек теміржол көлігінен құлап кеткен екен.

Басылым ҚТЖ-ға аталған мәселеге қатысты түсініктеме алуға хабарласқан.

Компания өкілдерінің айтуынша, оқиға "Түрксіб - Астана" бағытындағы пойызда тіркелген. Нақтырақ айтсақ, оқыс оқиға Шығанақ-Мыңарал бағытындағы жолда орын алыпты. Аталған іс бойынша бүгінде тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel