RU
Шамалғандағы апат: Комаға түскен екі қыздың бірі есін жиды

Шамалғандағы апат: Комаға түскен екі қыздың бірі есін жиды

Рассказать Вконтакте

Шамалғандағы теміржол өткелінде болған апаттан зардап шеккен бес жасар қыз есін жиды, деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі болғандай, ол әрі қарай ем алу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылады.

"Кеше 5 жасар қыз бала есін жинады, жасанды тыныс алу аппаратын алып тастадық. Бүгін ол әрі қарай ем алу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылып жатыр. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты", – делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Оның 3 жасар сіңлісіне келер болсақ, ол әлі жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Жағдайы өте ауыр, алайда нашарлау байқалмайды екен.

"19 қыркүйекте Шамалғанда жарақат алған балалар аудандық ауруханадан Алматыға ауыстырылған. 3 және 5 жастағы екі қыз Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілген еді. Олардың анасы № 7 қалалық клиникалық ауруханаға ауыстырылды. Қазір әйелді отаға дайындап жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, апаттан зардап шеккен 33 жастағы әйел мен оның екі қызы Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel