RU
Үкімет басшысы кредит бермей отырған әкімдерді сынға алды

Асқар Мамин кредит бермей отырған әкімдерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин "Бастау Бизнес" жобасы аясында бюджет қаражатының дұрыс игерілмей жатқанын айтып, нақты тапсырма берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Асқар Мамин. Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Асқар Мамин. Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, биыл аталған бағдарлама аясында 5 мыңнан астам адам өз кәсібін ашып, 8 500 жұмыс орнын ашты. Дегенмен, бағдарламаның біраз қаржысы игерілмей жатыр.

"Жылдың аяғына дейін төрт айдан аз уақыт қалды. Ал шағын кредит беруге бөлінген 82 миллиард теңгенің 50 пайызы ғана игерілген. Бұл жерде Маңғыстау, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы артта қалып отыр. Осы өңірлерге бюджет қаражатын тиімді игерген Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан үлгі алған жөн", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы екі апта ішінде кредиттің ақшасын игеру бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасына қатысатындардың санын арттыру міндеті жүктелді.

"Атамекен" ұлттық палатасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылардың санын ұлғайтып, бизнес ашқандардың немесе кеңейткендердің санын 20-дан 30 пайызға дейін жеткізу мәселесін пысықтауы қажет. Сонымен қатар, шағын кредит беру мен грант беру бойынша көзделген барлық жоспардың орындалуын жеделдету керек. Әкімдер, осы мәселені бақылауға алыңыздар", – деп тапсырды үкімет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel