RU
Бас прокуратура: Қытайда сотталған Ақжарқын амнистияға ілігуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокуратура: Қытайда сотталған Ақжарқын амнистияға ілігуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мен Қытай арасында сотталған азаматтарды қайтару туралы келісім бар. Соның аясында Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтей алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Facebook.com/ Сұңқар Нұрмағанбетов

Фото: Facebook.com/ Сұңқар Нұрмағанбетов

Қорғаушы Әсел Тоқаева Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім бойынша сотталған азаматтарды елге қайтару шарасы қарастырылғанын атап өтті.

Алайда, оның айтуынша, ондайда соттың шешімі қайта қаралмайды. Ақжарқынның жазасын өтеу мерзімін де бірден өзгертуге мүмкіндік жоқ.

"Бәрі заңнамаға байланысты. Енді Қытайдағы соттың шешімін өзгерте алмаймыз. Дегенмен ол амнистияға ілігуі мүмкін, я болмаса, мерзімінен бұрын шартты босату шарасы қолданылады.
Ал өзге елде жасалған қылмысты қайта қарай алмаймыз. Өйткені заңды шешім бар. Сосын келісім аясында жазасын өтеу үшін ғана сотталғандарды қайтару шарасы қарастырылған. Ондайда жаза қайта қаралмайды", – дейді қорғаушы.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Ақжарқын өз елінде амнистияға ілігуі мүмкін.

"Әзірге Қытайдағы соттың шешімі күшіне енген жоқ. Қазір аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Біз нақты қандай шешім шығатынын білмейміз. Дегенмен, Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты шарт бар. Сол құжат бойынша Ақжарқын өтініш беріп, жазасын өз елінде өтей алады. Ондай өтініш болса, Қазақстан сотталған азаматты өзіне қайтара алады", – деді Марат Ахметжанов.

Ол шарт бойынша Қытайда шыққан сот үкімін өзгертуге болмайтынын, дегенмен, жазасын жеңілдетуге мүмкіндік бар екенін алға тартты.

"Біздің заңнамаларымызға сәйкес, үкімін өзгерте алмаймыз. Бірақ амнистия болып жатса, біз Қытайға ескерту жіберіп, осындай-осындай халықаралық келісім бойынша ол шараны қолдануға мүмкіндік бар деп хабарлаймыз. Соттың нақты шешімі керек. Оны өзгерте алмасақ та, келісім бойынша жазаның түрін өзгертуге мүмкіндік бар", – деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Ақжарқынның қай жағдайда елге оралуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel