Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

iPhone 11 сатып алу үшін қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеуі керек?

Опубликовано:

Қыркүйекте жаңа iPhone 11-дің презентациясы өтіп, осыған орай ғаламторда қалжыңдар мен мемдер пайда бола бастады. Желідегілердің пікірінше, гаджеттің ең үлкен кемшілігі - бағасында. Picodi.com порталы жаңа телефон алу үшін қанша жұмыс істеу керектігін анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

iPhone 11. Фото: Justin Sullivan/Getty Images
iPhone 11. Фото: Justin Sullivan/Getty Images: Facebook

Порталдың мәліметінше, 2018 жылы гаджеттің бастапқы бағасы жарияланған кезде оның бағасы Филиппинде ең қымбатқа бағаланған.

Жергілікті тұрғындар смартфонды алу үшін 156 күн еңбектенулері керек болған.

Одан кейін тізімді Пәкістан жалғады. Гаджет құны 88 күндік жұмысты құраған.

iPhone 11-ді сатып алу үшін Аргентина, Үндістан, Қытай, Мексика халқы 50 күннен кем емес еңбек етеді.

Швейцария, Люксембург, Норвегия, Дания және БАӘ-де жаңа смартфон алу үшін бір апта жұмыс істесеңіз жеткілікті.

Ал, Қазақстанда бірінші жартыжылдықта орташа жалақы 186 221 теңгені құрағанын ескерсек, iPhone 11-дің иегері атану үшін ел тұрғындары 76,5 күн бойы жұмыс істеулері керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818340-iphone-11-satyp-alu-sin-kazakstandyktar-kansa-kn-zmys-isteui-kerek/

pixel