RU
Бүгін ФИФА жылдың үздік футболшысын анықтайды
Жаңалықтар Спорт

Бүгін ФИФА жылдың үздік футболшысын анықтайды

Рассказать Вконтакте

23 қыркүйекте Миланның La Skala театрында ФИФА жылдың үздік ойыншысын анықтайды деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: Prosports.kz

Фото: Prosports.kz

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) "Жыл ойыншысы" атағына үміткер үш футболшының есімін жариялаған болатын.

Олар: Криштиану Роналду ("Ювентус"), Лионель Месси ("Барселона") және Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль").

Сондай-ақ, бүгін ең үздік бапкер атағы кімге бұйыратыны белгілі болмақ.

Үміткерлер: Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити") және Маурисио Почеттино ("Тоттенхэм").

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:30-да басталады.

Шараның тікелей көрсетілімін мына Youtube-арнадан тамашалауға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel