Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Опубликовано:

Ден­саулық сақтау саласын цифр­ландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, халық үшін қолайлы медицина жасау туралы өз пікірімен Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық №2 емхананың бас дәрігері Ляззат Руспекова бөлісті.

Фото: Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Фото: Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы: Twitter
"Қазіргі таңда мемлекет тарапынан цифр­лы технологияларды әр салада енгізіп, халыққа әр кез қолжетімділікті арттыру мақсатында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Соның бірі, әрине, денсаулық сақтау жүйесі. Цифрландыру бағдар­ламасы толықтай денсаулық сақтау жүйесін, бүкіл профилактикалық, диагности­калық және емдік медициналық қыз­меттерді, тіптен үйге жедел жәрдем мен дәрі­герді шақырудан бас­талу жөн.

Баршаларыңызға белгілі, бүгінде барлық Қазақстан бойынша, өңір-өңірлерде электронды денсаулық паспорты жоба­сы қолданысқа енгізілді. Оның көмегімен дәрігерлер пациенттің денсаулығына қа­тысты барлық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Біз, медициналық қауымдастық үшін ғана емес, пациенттердің өздеріне бұндай жаңартулар өте тиімді, қызмет көрсетуде де бұл жүйе біраз жақсы әсерін беріп болмайды.

Бағдарлама арқылы дәрігер санаулы уақыттың ішінде керекті мәліметті алып, науқас жағдайын анықтайды. Дәрігерлерді қағазбастылықтан арылту тұрақты түрде қолға алынды. Осындай жұмыс нәтижесі заманауи технологиялар, телемедицинаның көмегімен маман тапшылығын байқатпайды және науқастарды қашықтықтан бақылауға үлкен септігін тигізіп отыр.

Науқастарға көбірек көңіл бөліп, дәрігердің ем жүргізуге уақытын арттырады. Міне, біздің түбегейлі мақсатымыз осы – бар жұмысымыз бен көңіліміз науқастарда болғаны.

Сонымен қатар енгізілген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында әр медициналық ұйымдар негізгі көрсеткіштерге қол жеткізіп, басты жұмыстарды атқарып отыр. Мысал үшін, тек біздің емхана бойынша барлық медициналық құжаттар толыққанды электронды түрде жүргізіледі, ол дегеніміз, тіркеу бөлімінде бұрынғыдай үлкен кезекте ешкім тұрмай-ақ, керегін электронды жүйеде біле де алады, ала алады.

Әрине, барлығы тіптен керемет деп айта алмасақ та, жұмысты оң жаққа бұрып, жақсартуға тырысамыз. Электрондық амбулаториялық карталар, аурулардың электрондық тарихы және электрондық рецептілердің көшірмесі де бірі сақталады.

Біз ҚР Президентінің медицина саласын цифрландыруға қатысты тапсырмасын жергілікті, жедел, тиімді етіп орындауға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде медициналық-демографиялық салада оң өзгерістер жүзеге асып жатқандығын нақты айтуға болады", - деді Ляззат Руспекова.

"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ

Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818353-densaulyk-saktau-salasyn-cifrlandyru-zmystary-karkyndy-zrgizilude/

pixel