RU
Мамандар жасанды еттің пайдасы туралы мәлімет берді

Мамандар жасанды еттің пайдасы туралы мәлімет берді

Рассказать Вконтакте

Жасанды ет кәдімгі еттен пайдалырақ болуы мүмкін. Себебі оны өсу гармоны мен антибиотиктерсіз өндіруге болады. Бұл туралы Ломоносов атындағы МГУ қоданбалы медицина және тағам қауіпсіздігі ғылыми-ағартушылық орталығы директорының орынбасары Дмитрий Еделев мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұдан бұрын ресейлік ғалымдардың зертханалық жағдайда жасанды ет өндіргені белгілі болды. Бұл өнім 2023 жылы Ресейдің сауда сөрелерінде пайда болуы мүмкін.

"Бұл етті антибиотиктерсіз өндіруге болады, өсу гармондары қажет емес. Ол түрлі ауруларға бой бермеуі мүмкін", – дейді Дмитрий Еделев.

Маманның айтуынша, бұндай жоба Голландияда жүзеге асырылуда. Ол жерже 6 жыл бұрын жасанды еттен тағам дайярланған.

"Сондай-ақ бұндай өнімді қолдануға вегетариандар да келіседі. Себебі, оны өндіру үшін ешқандай жануарды құрбан етудің қажеті жоқ", – деген ол вегетариан қорларының Голландияда жасанды ет өндіру жобасын қаржыландырып отырғанын сөз етті.
Сіздің реакцияңыз
2
8
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel