RU
Тоқаев: АҚШ - Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі

Тоқаев: АҚШ - Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен ынтымақтастықты арттыру Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.

"Біз тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген келісімдерінің жүзеге асырылуына ерекше мән береміз. Бұл сапар екі ел арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестіктің негізін қалады", – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі екенін еске салды. Бүгінде америкалық инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд доллардан асқан.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптестерге энергетикалық саладағы бірқатар бірлескен жобалардың табысты жүзеге асқаны туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және жоғары технология салалары бойынша өзара іс-қимылды арттыру үшін жаңа мүмкіндіктердің бар екеніне назар аударды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта да америкалық бизнес өкілдерімен ұзақ мерзімді экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті.

Өз кезегінде америкалық әріптестер екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанмен өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel