RU
Ақтау тұрғыны көлік тұрағының қасында өз сүйіктісін тұншықтырып өлтірді

Ақтау тұрғыны көлік тұрағының қасында өз сүйіктісін тұншықтырып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны қызғаныштан сүйіктісін тұншықтырып өлтірді. Оқиға 18 қыркүйек күні күндіз қаладағы гипермаркеттердің бірінің көлік тұрағында болған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйек күні Ақтаудың 39 жастағы тұрғыны үйінен шығып, қайта оралмаған.

Келіншектің туыстары келесі күні полицияға арыз тастады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері фактіні сот алды тергеу жұмыстарының бірыңғай реестріне тіркеді.

Жоғалған азаматшаның жақындары мен туыстарын сұрастыра келе, тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Оның жоғалған келіншекпен жақын қарым-қатынаста болған және дәл іс-түссіз кеткен күні кездескені анықталды.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде оқиға болған күні ғашықтар гипермаркеттің көлік тұрағындағы көліктің ішінде отырғаны анықталды. Темір тұлпардағы жанжал нәтижесінде азамат келіншекті қызғанып, қолымен тұншықтырып тастаған.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің (Адам өлтіру) 99-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде",- департаментте.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel