Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовты қалай күтіп алды? (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтауда 23 қыркүйек күні кешкісін бокстан әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовты туыстары, достары және жанкүйерлері ұлттық дәстүрге сай бауырсақ пен шашу шашып, әуежайдан қарсы алды деп жазады Лада басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Лада
Фото: Лада: UGC

Боксшы жаттықтырушысымен бірге көрерменнің қол шапалағымен баспалдақтан түсіп, жиналған көпшілікке жақындады.

Бокстан ӘЧ-2019 жеңімпазын Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов құттықтады.

Фото: Лада
Фото: Лада: UGC

Бекзат Нұрдәулетов 2015 жылы Жаңаөзеннен Ақтауға көшіп келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Марат Жақиевте жаттығады.

Жас спортшы мансабында бірнеше марапат алған. Енді оның алдында Токиода өтетін Олимпиада-2020 тұр.

Боксшы өзінің эмоциясы және алға қойған мақсатымен бөлісті.

"Әрине, Ла Круспен болған жартылай финал ең есімде қалғаны болды. Таңдалған тактика мен жаттықтырушылардың кеңесінің арқасында жеңіске жеттім. Енді Олимпиаданың алтынын алуға тырысамыз", - деді Бекзат.
Фото: Лада
Фото: Лада: UGC

Естеріңізге салсақ, Бекзат Нұрдәулетов 81 келі салмақта әлем чемпионатының алтынын иеленген еді. Ол финалда өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзатты жеңісімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818406-aktauda-lem-cempiony-bekzat-nrduletovty-kalaj-ktip-aldy-foto-video/

pixel