RU

Түркімен әйелдері жағалауда жартылай жалаңаш жүре алмайтын болған

Каспий теңізінің Түркіменстанға қарайтын аумағындағы Аваза жағалауында биыл қыз-келіншектерге жартылай жалаңаш киіммен шомылуға тыйым салынған деп жазады Centralasian.org.

ааааа
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
«Егер қыздардың жартылай жалаңаш шомылып жатқанын көрсе, оларға 200 манат айыппұл салады (ресми бағам бойынша 55 доллар). Биыл қыз-келіншектерге дұрыс демалуға да мүмкіндік бермеді», - дейді аты-жөнін жасырған бойжеткен.

Оның сөзінше, жағалауда арнайы әйелдерді бақылайтын полиция өкілдері бар.

Авазада әдетте қазанға дейін суға түседі. Бұл кезде Каспий теңізінің суы 30 градус жылы болады.

Осы маусымда суға түсу адам ағзасына пайдалы болып есептеледі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818417-trkimen-jelderi-zagalauda-zartylaj-zalaas-zre-almajtyn-bolgan.html