Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британдық басылым Айсұлтан Назарбаевтың оқиғасын қалай бұрмалаған?

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі британдық басылымдардың бетіне шықты. Daily Mail басылымы бұл жолы Айсұлтан Назарбаев сотта полицияға шабуылдағанын мойындап, тергеумен келісім жасасқаны туралы жазған деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шабуылдау оқиғасы туралы шілде айының басында белгілі болыпты.

Лондондық CourtNews.uk басылымы Қазақстанның бірінші президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевты жергілікті полиция қамауға алғанын жазған.

Daily Mail хабарлауынша, Лондонда тұратын Айсұлтан полиция өкіліне қарсылық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Британиялық басылымдар Айсұлтанның есірткіге тәуелділігін жазғанымен сот процесінде бұл деталь айтылмаған және қаралмаған.

Басылымда айтылғандай, британдық журналистер бұл жағдайда "сот пікірінің ресми мәтініне сілтеме жасамай, лас технологияны қолданып, кейбір расталмаған тұлғаларды дереккөз ретінде пайдаланған".

Сонымен бірге, Лондонның әділет органдары берген ақпаратқа сәйкес, Айсұлтан Назарбаевтың тергеу ісімен келісімге келгені соның ішінде полиция қызметкерін «тістеп алғанын» мойындағаны белгілі болды.

Айта кетерлігі, бұрын Айсұлтанның достары болған оқиғаның мүлде басқа нұсқасын айтқан болатын.

Оның досының айтуынша, сол күні оның танысы есігі жабық болғандықтан, пәтерге кіре алмаған.

Құлыптаулы үйге кілтсіз кірудің сәтсіз әрекетінен кейін Айсұлтан пәтерге балкон арқылы кіруді ұсынған.

Бірақ көршілері Айсұлтанды қарақшы деп ойлап, полиция шақырған. Келген полиция қызметкерлері арасында Айсұлтан мен оның достарын «қытай мигранттары» деп ойлап, полиция қызметкерлері мен Айсұлтан арасында жанжал болады, ал полицияның қолын тістеп алуы - өзін-өзі қорғау әрекеті екен.

"Осы уақыт аралығында соттың істі қарауын күтіп, Айсұлтан Назарбаев шынымен қамауда болды.
Оны жақын танитын адамдардың айтуынша, Қазақстанға оралу үшін тергеумен келісімге келіп, тағылған айыпты мойындауға мәжбүр болған. Қарсы жағдайда істі қарау ұзаққа созылып кетуі мүмкін еді", - делінген мақалада.

Адвокат Алисдаир Уильямсон өз кезегінде бұл өте қызық көрінетінін айтты. Оны ұстау барысында пәтердің иесі, полиция қызметкерлері және айыпталушы болды. Пәтерден ештеңе алынбаған.

Daily Mail-дің мақалаларындағы көптеген мәліметтер көпшілік назарын Айсұлтанға аударғысы келетіні анық.

Бұл жерде басылым нені көздейтініне мән беру керек.

Британ халқы ешқандай да сенімді ақтамайтын ең өтірікші газет ретінде Daily Mail-ды оқудан бас тартқан. Бұл туралы тіпті британдық Википедияда да айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818430-britandyk-basylym-ajsltan-nazarbaevty-okigasyn-kalaj-brmalagan/

pixel