Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы Қазақстандағы алғашқы порно-студияны анықтады (фото)

Опубликовано:

Алматылық полицейлер Қазақстандағы алғашқы порно-студияны анықтады деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Медеу ауданында орналасқан екі элиталық жалға алынған пәтерде порнографиялық материалдар дайындалып, таратылған.

Оқиға орнында виртуалды интимдік қызмет көрсететін екі қыз бен Қырғызстаннан келген программист ұсталған.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Одан бөлек, тінту барысында процессорлар мен тематикалық атрибуттар табылған.

"Техникалық қамтамасыз етуден бастап үш ауысымды кестеде жұмыс істейтін қыздар, студиялардың жұмысы жүйеге келтірілген. Бұл жұмыстың жалғыз ерекшелігі - интимді қызметтер виртуалды түрде жүзеге асырылған.

Қыздар өздерінің денелерін ғаламтордың көмегімен веб-камера арқылы АҚШ және Еуропадағы шетелдік сайттарға ақша үшін шығарған.

Клиенттер мұндай "көңіл көтеру" үшін елімізде болмаса да ақшаны сервер арқылы төлеп отырған "Веб-модельдерді" таңдау модельді келбеттегі қыздарды жоғарғы жалақымен жұмысқа қабылдау туралы жарнама арқылы жүзеге асады.
Алайда, уәде етілген мың доллар жоғары жалақыны ешкім алған жоқ", - деді ПД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Аталған дерек бойынша Алматы қаласы ПД ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдар немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеген.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Барлық ұсталған адамдар жауапқа тартылады және жауапкершілік деңгейіне қарай қылмыстық заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818432-almaty-policiasy-kazakstandagy-algasky-porno-studiany-anyktaldy-foto/

pixel