RU
"Жазық далаға көз салып тұрғам": Назарбаев Нұр-Сұлтанның құрылуы туралы сөз қозғады
Жаңалықтар Қоғам

"Жазық далаға көз салып тұрғам": Назарбаев Нұр-Сұлтанның құрылуы туралы сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы Еуропа және Азия елдері парламент спикерлерінің ІV отырысына қатысып, Қазақстан мен оның жетістіктері туралы әңгімелеп, елорданың құрылысын да еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

«Ұлы даланың жүрегінде бар болғаны 20 жыл ішінде бүгінде парламент спикерлерінің кездесуі өтіп жатқан өзіміздің ғажап астанамызды құрдық.

Құрметті достар, бұл туралы айту маған жағымды әсер сыйлайды. Өйткені жаңа қала бой көтерген жерде тұрып мен жазық далаға көз тастап тұрғам, ал қазіргі таңда елордамыз тәуелсіз Қазақстанның айқын белгісіндей, ешбір заманауи мегаполистерден қалыспайды.

Халық саны бес есеге өсіп, тұрғындар миллионға жетіп қалды», - деді Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel