RU

Елордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысуынан 22 адам жапа шекті

Астанада жеңіл автокөлік жүргізушісі қоғамдық көлікті соғып кеткен деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"23 қыркүйек күні шамамен сағат 15.00-де «Хова» маркалы автокөлікті тізгіндеген 1997 жылғы жүргізуші А-187 көшесімен Байырқұм көшесі жағынан келе жатып, Мұстафа Кемаль көшесінің қиылысында көлікті өткізбей №64 бағдарда қатынайтын автобуспен соқтығысқан", – делінген департамент хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары жапа шеккен. 22 жолаушы қалалық ауруханаға жүгінген. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1818453-elordada-avtobus-pen-zeil-klik-soktygysuynan-22-adam-zapa-sekti.html