Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Үлкен апат келе жатқанын күнде естиміз, бірақ ештеңе істемейміз

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев климат апаты туралы ескертулер әр жерден естіліп жатқанын, бірақ адамдар одан аулақ болу үшін ештеңе істемейтінін айтты. Ядролық қаруға қатысты жағдай да қиын. Елбасының сөзінше, әлемде тәжірибе жасауды жалғастыра отырып, одан бас тартуға шақыруда деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Климатқа байланысты Париж келісіміне 192 ел қол қойған, алайда көптеген елдер ратификацияламады.

Ғаламшардың жылынып жатқанын, үлкен апат келе жатқанын күнде естиміз, бірақ оның алдын алу үшін ештеңе істемейміз.

Бұл ядролық сынақтарға, ядролық қаруға, оны таратпауға және тағы басқаларға толық тыйым салған жағдайға ұқсас.

Барлығын ядролық қарудан және таратудан бас тартуға шақыру керек, сонымен бірге ядролық державалар бұл қаруларды жетілдіруді және оларды компьютерлік ойындар деңгейінде сезінуді жалғастыру - бұл әділ емес, ол жұмыс істемейді.
Бәрінен бұрын ядролық державалар осы бастаманы бірінші болып көтеруі керек", деді Назарбаев.

Ол елдерді әлемнің барлық елдері үшін маңызды халықаралық шарттарды ратификациялау процесіне қатысуға шақырды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Еуропа және Азия парламенті спикерлерінің ІV кеңесінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалған жағдайда бүкіл өркениет үшін соңғысы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, Елбасы кеңес барысында Қазақстан мен оның жетістіктері туралы әңгімелеп, елорданың құрылысын да еске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818457-elbasy-lken-apat-kele-zatkanyn-knde-estimiz-birak-estee-istemejmiz/

pixel