Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бөтен біреудің атын жамылған боксшы рингте көз жұмды

Опубликовано:

Албанияда рингте көз жұмған боксшының бөтен біреудің атын жамылып шыққаны белгілі болып, бокс қауымдастығының басы дауға қалды деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

21 қыркүйекте БАҚ өкілдері 21 жастағы болгариялық Исус Величков (0-5) албаниялық Ардита Мурджимен (4-1) жұдырық түйістіріп, шаршы алаңда есінен танып көз жұмғанын хабарлаған болатын.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қалмады. Кейіннен көз жұмған спортшының Величков емес екені анықталды.

Болгария кәсіпқой бокс одағы қайтыс болған жігітте Величковтың жеке куәлігі болғанын, бірақ іс жүзінде бұл басқа болгар азаматы Борис Станчев болып шыққанын мәлімдеді.

"Біз Станчевтің кәсіби лицензия алу үшін шетелдік құжаттарды пайдаланғанын, шетелде сол жеке куәлігімен бірнеше рет спорттық іс-шараларға қатысқан деп пайымдап отырмыз. Одақ пен ресми органдар мұндай алаяқтық әрекеттің себебін әлі анықтайтын болады. Бұл іс бойынша қажетті мәліметтер пайда болғанда бокс одағы ресми мәлімдеме жасайды", – делінген хабарламада.

BoxRec ақпарат базасында Борис Станчев туралы мәлімет мүлде жоқ. Бокс статистикасы порталында әлі де Исус Величков қайтыс болды деп тіркелген.

Көрермендердің айтуынша, Борис Станчевтің рингте аяғын ауыр қозғалтып жүргені байқалған. Біраздан соң ол тура соққыны өткізіп алған.

Соққы айтарлықтай қатты тимегенімен, бірнеше секундтан кейін боксшы артқа құлап, есінен танып қалады.

Оның өліміне не себеп болғанын дәрігерлер анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1818467-bten-bireudi-atyn-zamylgan-bokssy-ringte-kz-zmdy/

pixel