RU
13 жасар қыздың жанұясы хиджаб шешуге мәжбүрлеген компанияны сотқа берді

13 жасар қыздың жанұясы хиджаб шешуге мәжбүрлеген компанияны сотқа берді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың 13 жасар тұрғыны Фатима Абдельрахманның отбасы ұшу алдында хиджабты шешуді талап еткен Air Canada әуе компаниясын сотқа берді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Жасөспірім Сан-Францискодағы әуежайдан Торонтоға "сквош" спорт түрінен жарысқа ұшуы керек болатын.

Әуе компания қызметкері оны хиджабты шешуге мәжбүрлеген, себебі, төлқұжаттағы фотода Фатима хиджабсыз болған.

"Бұл менің күнде киетін затым, күнделікті өмірімнің бір бөлігі. Хиджаб кигенімді мақтан тұтамын", – деген Фатима сол сәтте өзін қор болғандай сезінгенін жеткізді.

Қыздың айтуынша, хиджабта оның беті көрініп тұр, сондықтан да оны шешудің ешбір негізі болмаған. Сондай-ақ, ол қызметкерлердің қалпақ киіп тұрған ер адамнан бас киімін шешуді талап етпегенін алға тартты.

Фатиманың әпкесі AirCanada әуе компаниясына Twitter әлеуметтік желісі арқылы жүгінді.

Әуе компания БАҚ өкілдеріне оқиғаның мән-жайын түсіндіруден бас тартты. Алайда, қыздың отбасы мәлімдегендей, олар хат жолдап, онда компания саясатының өзгергені туралы хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel