Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда екі егіз жұп шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Маңғыстау облысында екі егіз жұп үйленді. Жаулы мен Жары есімді егіз жігіттер бірдей жұбайларын достарының үйінде кездестірген. Содан бері олар айырылмастай болып, 22 қыркүйек күні отбасын құрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: Instagram

Егіз жігіттердің анасы Гүлбаршын Исаева егіз келіндері жайлы қалай білгенін және оларды қалай ажырататынын айтып берді.

"Келіндерімнің сыртқы келбетінде де айырмашылық бар. Біреуінің кекілі бар, ал екіншісінде жоқ. Мінездері де басқа. Сол себепті, оларды шатастырып алу қиын. Әсіресе, оларды мен тез ажыратамын. Балаларым егіз болғандықтан, тәжірибем көп қой.
Мен оларды ешқашан шатастырған емеспін. Сырт келбеттері бірдей болғанымен олар әртүрлі, бірақ өзге адамдар оларды жиі шатастырып алып жатады", - дейді ол.
Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Гүлбаршынның сөзінше, ұлдары егіз-серіктерін осы жылдың сәуір айында кездестірген. Олар Жанар мен Шынарды бірден ұнатып, танысуға асыққан.

Ал бұл кездесу жайлы естіген туыстары оқиғаның барысын бақылай бастаған.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: Getty Images
"Балаларым қыздар жайлы көп айтты, бірақ таныстыруға әкелмеді. Біз балалар үйленеміз деп шешім қабылдағанда ғана кездестік", - дейді егіз жігіттердің анасы.

Қуанышты сәтті кейінге қалдырғысы келмеген отбасы таныстықтан соң бірнеше аптадан кейін 400 адамға той жасаған.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: Instagram

Бүгінде енесі дәл осындай келіндердің келгеніне қуанышты. Жас келіндер оған үйде көмектесіп, қолғабыс етіп жүр.

Егіз келіндер колледждегі оқуын аяқтамаған. Қазір жанұяны асырау жұмыс істейтін күйеулерінің мойнында.

Фото: Жеке мұрағаттан
Фото: Жеке мұрағаттан: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818503-magystauda-eki-egiz-zp-sayrak-kterdi-foto/

pixel