RU
Алты жасар балалардың қолына кісен салған полицейдің басы бәлеге қалды

Алты жасар балалардың қолына кісен салған полицейдің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Флорида штатының полиция қызметкері Деннис Тернер бастауыш мектепте сабақ өтіп жатқан кезде алты жасар екі қыз баланы тұтқындаған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com

Көрнекі сурет: pexels.com

Деннис Тернер жергілікті мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарған. Белгілі болғандай, оған балалардың тәртібі жақпай қалған. Қыздардың бірі сабақ үстінде қырсық мінез танытып, мұғалімді тепкен.

Осыдан кейін полиция қызметкері балалардың қолына кісен салып патрульдік көлікке отырғызған. Тіпті, олардың бірінен саусақ іздері алынып, укол салынған.

Балалардың туыстары болған оқиғадан шошығандарын айтады. Қыздардың бірінің апасы немересінің ұйқысы бұзылғанын, сондықтан да тәрбиесі нашарлағанын түсіндірді.

Деннис Тернер оқушыларды қадағалаушы органның рұқсатынсыз тұтқындаған. Ал жергілікті полиция департаменті қызметкерлерді 12 жастан төмен балаларды тұтқындау үшін рұқсат алуға міндеттейді.

Департамент басшысы полиция қызметкерін жұмыстан босатып, оның әрекетіне қатысты тергеу бастады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel