Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 жастағы атыраулық футболшы жол апатына түсті

Опубликовано:

21 қыркүйек күні Атырауда екі көлік соқтығысып қалды. Жол апаты нәтижесінде "Атырау" футбол клубының 23 жастағы қорғаушысы Дәурен Мәжитов ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті деп хабарлайды "Ақ жайық".

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Twitter

Ол түрлі сынықтар, оның ішінде омыртқа зақымдарын алған. Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жас футболшының жағдайы ауыр.

"Ол көлік рөлінде отырған. Көлікте тек Дәурен болыпты. Қазір қан іздестіріп жатырмыз. Біздің жігітіміз сүйікті футболына қайта оралып, "Атырау" намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз", - деп хабарлады "Атырау" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдолов.

"Екінші" нөмірлі ойыншы Дәурен Мәжитов маусым басталғалы бері алаңда 1275 минут өткізіп, бір гол соққан.

"21 қыркүйекте таңғы сағат бесте Атырауда жол-көлік оқиғасы орын алды. "Лада Приора" көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, "УАЗ" көлігімен соқтығысқан. "Лада" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818540-23-zastagy-atyraulyk-ftubolsy-zol-apatyna-tsti/

pixel