Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қараша айында Қырғызстанға мемлекеттік сапармен бармақ

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы мәжіліс парламентінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Жогорку Кенеш төрағасы Дастан Джумабековтің Еуразия елдері парламент спикерлерінің төртінші жиыны аясындағы кездесуде белгілі болды деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ҚР СІМ
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ҚР СІМ: Facebook

Қараша айында Бішкекте ҰҚШҰ мемлекет басшыларының саммиті өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 28-29 мамыр күндері Қазақстанда кездескен. Кездесуде екі жақты серіктестік мәселесі талқыланып, көрші мемлекет президенті Тоқаевты Қырғызстанға шақырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ШЫҰ мемлекет басшыларының жиынына қатысуға барған болатын.

Шара Қазақстан президентін ұлықтау рәсіменен соң бірнеше күннен кейін өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818560-tokaev-karasa-ajynda-kyrgyzstanga-memlekettik-saparmen-barmak/

pixel