Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабірге сәлем беру және дұға тілеу дұрыс па?

Опубликовано:

Қабір жанынан өткен кезде қабірге салем беру және дұға тілеу қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа muftyat.kz-тің пәтуа бөлімі жауап береді.

Көрнекі фото: muftyat.kz
Көрнекі фото: muftyat.kz: Facebook

Басылымның жазуынша, ислам діні бұл дүниеден мұсылман болып қайтқан кісілерге тиесілі құрмет білдіруге бұйырады.

Өлген кісі өлді, кетті деп қоймастан иман еткен адамдарға дұға мен истиғфар (жарылқау) тілеуге болатынын хазіреті Пайғамбарымыз үмметіне айтып кеткен.

Марқұмдарға дұға мен истиғфар жасауға болатынын Алла Тағала мына аят арқылы білдірген.

"Ей, Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма". Қайтыс болған кісі мейлі жақсы иманды пенде болсын, мейлі күнәкар пенде болсын тек оларды жақсылықпен еске алу біздердің міндетіміз. Себебі, хазіреті Пайғамбарымыз бұл мәселе жайында былай деген: "Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар".

Айша (Алла ол кісіге разы болсын) Алланың Елшісіне: "Қабір зиярат ететін уақытта оларға қалай дұға етейін?" – деп сұрайды.

Сонда Пайғамбарымыз оған мына дұғаны оқуды бұйырады:

"Жәбірейіл маған: Әлбетте Раббың саған Бақи зиратына барып олар үшін жарылқау етуіңді әмір етті, - деді". Мен тағы да: "Ей, Алланың Елшісі! Олар үшін қалай дұға етейін?" - дедім Алланың Елшісі:

Әссәламу алейкум әһләд-дияри минәл-мумининә уәл-муслимин. Уә ярхамуллаһул-мустақдиминә миннә уәл мустахирин. Уә иннә иншааллаһу бикум ләхиқун

Ассаламу алейкум муминдер мен мұсылмандардан болған қауым жұрты! Алла бізден алдын өлгендерге және бізден кейін өлетіндерге рахым етсін. Алла қаласа бізде сендерге қауышамыз", – деп бұйырған.

Яғни мұсылман қабірлерінің жанынан өткенде Айшадан келген хадиске сай дұға етуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818569-kabirge-slem-beru-zne-dga-tileu-drys-pa/

pixel