RU

8 жасар қызды зорлап, өртеп жіберген қаскөйдің тағы бір ісі әшкере болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 8 жасар қызды зорлап өлтіріп, артынан мәйітін өртеп жіберген қаскөй Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылатын болды. Таразда жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот алды тыңдалым өтті деп хабарлайды КТК арнасы.

Істің жабық жағдайда қаралуына байланысты залға тілшілер кіргізілмеді. 37 жастағы азаматқа адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бабы бойынша айыптар тағылды.

Айыпталушының тағы бір іске қатысы бары анықталды. Ол алты жыл бұрын 12 жастағы қызға азғындық әрекет жасай жаздапты.

Әзірге жәбірленуші жайында мәлімет жоқ. Белгілісі – сол дерекке қатысты «зорлауға оқталу» бабы бойынша іс қаралуда.

Естеріңізге сала кетсек, Қаратау қаласының кішкентай тұрғыны Аруай Беріктің баллонға салып өртелген мәйіті жоғалғаннан бір күннен соң қала шетінен табылған болатын.

Үш тәуліктен кейін күдікті ретінде 37 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды. Оның қапқа салынған өлі денені велосипедпен әкетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалып, қылмысы әшкерленген еді.

Ал резонанс тудырған істің алғашқы сот отырысы 3-ші қазанға белігіленді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
8 жасар қызды зорлап, өртеп жіберген қаскөйдің тағы бір ісі әшкере болды
Mailfire view pixel