Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті (фото, видео)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды.

Айта кетейік, АҚШ-та сапармен жүрген мемлекет басшысы Укарина президентінен бөлек, Иордания Королі ІІ Абдалла, Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Польша президенті Анджей Дуда, Болгария президенті Румен Радев, Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Маурермен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818610-tokaev-vladimir-zelenskijmen-kezdesti-foto-video/

pixel