Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділетсіз шешім": ӘЧ-те Нұрдәулетовтен жеңілген төрт дүркін әлем чемпионы неге наразы?

Опубликовано:

Төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 олимпиадасының жеңімпазы кубалық Хулио Сесар Ла Крус қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілгенін мойындамады. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: boxing2019.com
Фото: boxing2019.com: Twitter

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов қазылар алқасының шешімімен сенсациялық түрде жеңіске жетті.

Ол екінші раундта осыған дейін төрт дүркін әлем чемпионы болған әйгілі Ла Крусты нокдаунға жіберді. Алайда бұл жеңілісіне қатысты пікір білдірген кубалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейтінін айтады.

"Әділетсіз шешім. Бұл кездесуде мен жеңдім. Менің Әлем чемпионатындағы бесінші "алтынымды" алып қойды. Мен бұрыштағы команданы орындадым. Жеңілгенімді көріп тұрған жоқпын. Қатты таңырқап қалдым. Өкінішке қарай, спортта жеңіліс те болады. Қарсыласымның деңгейі жақсы, ол жас, дегенмен оның потенциалы бар", - дейді Ла Крус.

Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов ла Крусты жеңген соң финалда өзбекстандық Дилшобек Рузметовты артта қалдырып, Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының жалғыз алтын медалін салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818612-diletsiz-sesim-resejdegi-c-te-kazak-bokssyny-zeilgen-trt-drkin-lem-cempiony-zini-nazyn-ajtty/

pixel