RU
Әлемді жылатқан бейбітшілік пен соғыс бейнеленген 10 сурет

Әлемді жылатқан бейбітшілік пен соғыс бейнеленген 10 сурет

Рассказать Вконтакте

Түркияның Стамбул қаласында тұратын Угур Галленкуш есімді фотограф дамыған және бай елдер, соғыс болып жатқан әрі кедей елдердің айырмашылығын көрсететін туындылар жасауды әдетке айналдырған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Угур туындыларын үшінші әлем елдерінің тағдыры туралы адамдарды хабардар ету үшін жасайды.

Өзі жасаған коллаждарда ол жайлы өмір сүріп жатқан адамдар мен дамымаған елдердің халқын біріктіріп, осының арқасында мүлдем екі бөлек әлемнің басын қосады.

Бір жағында - тек өз өмірін өзгенікінен қалай жақсартсам деп ойлайтын, бәсекелесінен асып түскісі келетін тұтынушылар қоғамы.

Екінші жағында - соғыс пен кедейлік. Жараланған балалар мен үлкендер, олардың тас-талқаны шыққан отбасылары.

Угур өзінің алғашқы коллажын 2015 жылы жасаған. Содан бері ол жүздеген туындыны шығарды.

Фотограф өзінің жұмыстары арқылы дамыған елдердің тұрғындарына жолдары болғанын ұқтырғысы келеді.

Ал, жағдайы төмен мемлекеттердің халқына олардың жақсы өмірге лайық екенін, сол үшін күресу керектігін түсіндіруді көздейді.

"Мен олардың жайбарақат өмірден, білімнен, демократиядан, ғылым мен өнерден алыс екенін көрсеткім келеді. Оларды оятып, неге олар және балалары осындай қоғамда бақытты бола алмайды деген сұрақ қойғым келеді", - дейді Угур Галленкуш.

Угур жасаған коллаждар сұлулық үшін жасалған кәдуілгі туындылар емес. Әлемде күн сайын қандай әділетсіздік жасалып жатқанын түсіну - өте ауыр.

Суретшінің туындылары әлемнің түкпір-түкпірінде көрмелерге қойылуда. Болашақта ол жасаған жұмыстарын кітап етіп шығарып, сатылымнан түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсағысы келеді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
14
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel