RU
Жүргізуші ұйықтап кеткен: Алматы-Өскемен жолында автобус аударылды

Жүргізуші ұйықтап кеткен: Алматы-Өскемен жолында автобус аударылды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында бүгін таңертең Алматы-Өскемен бағытында жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды ҚР ИИДМ-не сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі ұйықтап қалып, аударылуға жол берген.

Автобуста 23 жолаушы болған. Оның 14-і моңғолиялық және екі жүргізуші. Жол апатынан төрт адам жарақат алған.

"Көлік құралы техникалық тексерістен 17.06.2019 жылы өткен, техтексерістің мерзімі 17.12.2019 жылға дейін жарамды. Жол апаты аймағында жол белгілері дислокацияға сәйкес орнатылған", - деп хабарлады министрлік.

"К-Дорстрой" АҚ және Аягоз аудандық АІІБ-нің арнайы бөлімінің өкілдері оқиға орнына аттанған. Жол апатының себептері анықталуда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel