Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы бас полицейінің ұлы көз жұмған соң дәрігерлер тұтқынға алынған

Опубликовано:

Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың қос дәрігері Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалуына қатысты тың деректер шықты. Ақ халаттылар қалалық полиция департаменті бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін тергеуге алынған. Бұл жайында медициналық мекеменің бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың жұбайы KAZ.NUR.KZ редакциясына жолдаған хатында баяндады.

Асқар Тұңғышбаев, фото: Facebook; Қанат Тезекбаев фото: zoj.kz
Асқар Тұңғышбаев, фото: Facebook; Қанат Тезекбаев фото: zoj.kz: Facebook
"Біздің отбасымыздың әкесі №4 аурухананың бас дәрігері қызметінен себепсіз босатылып, кепілге шығу құқығынсыз қамауға алынды", - дейді Дина Тезекбаева.

Бас дәрігердің жұбайы екі ассистенттің бірі болған күйеуі отаның жүргізілуі мен нәтижесіне тікелей жауап бермегенін айтады. Ол тергеу ақ халаттының кінәсін дәлелдей алмады деп санайды.

Осылайша, келіншек Тоқаевтан жағдайды өз бақылауына алуды сұрады.

Одан бөлек, Қанат Тезекбаевқа қазақстандық дәрігерлер де қолдау білдіріп жатыр. Олар ақ халаттының кепілге босап шығуы үшін күресуде.

KAZ.NUR.KZ редакциясы ресми пікір алу мақсатында Алматы полиция департаментіне хабарласты. Алайда, ведомстводағылар істің тергеу барысынан бейхабар болып шықты.

Айта кетейік, Алматы полициясы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына түсті.

27 тамыз күні ол Германиядағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818679-almaty-bas-policejini-ly-kz-zmgan-so-drigerler-ttkynga-alyngan/

pixel