Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міне, намыс": Отандық спортшылар әуені тоқтаған әнұранды соңына дейін шырқады

Опубликовано:

Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кезінде қазақстандық ватерполшы қыздарға ел сүйсінді. Себебі, олар әнұран ойналған кезде орын алған техникалық ақауға қарамастан, гимнді жанды дауыста соңына дейін шырқады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Үндістанда бақ сынап жатқан қазақстандық ватерполшылардың видеосын Алматы қаласы "Jas Otan" Жастар Қанатының төрағасы Мади Ахмет Instagram парақшасында жариялады.

"Жарайсыңдар, қыздар! Міне, намыс! Үндістандағы додада біздің ватерполшылар Қытайды жеңді. Әнұран орындап жатқанда 8-секундта дыбыс үзіліп кетті. Біздің қыздар әнұранды соңына дейін шырқап, стадионның овациясын тоқтатты", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл додада қыздар арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан құрамалары жүлдеге таласуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818686-mine-namys-otandyk-sportsylar-ueni-toktagan-nrandy-soyna-dejin-ajtty-video/

pixel