Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелдер қазақтың қандай ырымдарына мән беруі керек?

Опубликовано:

Әлемдегі ең сұлу әйел - аяғы ауыр әйел. Жүктілік барысында әйел адам өзінің денсаулығына аса мән бергені жөн. Сондай-ақ ежелден қалыптасқан ырымдарға да құлақ түру керек деп жазады Instagram-дағы aizhan_ashirhan парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Декреттік демалыста отырған Айжан Әшірхан есімді журналист өз оқырмандарына жүктілік кезде қажет болатын пайдалы кеңестерімен бөлісіпті. Оның айтуынша, әйел адам таза жүріп, ата-бабадан келе жатқан ырымдарға бей-жай қарамауы керек.

"Жүкті кезде ең алдымен таза жүріп, көп дұға оқуға кеңес беремін! Барлық жақсылық бір Алладан! сондай-ақ ата-бабамыз ұстанған ырымдарға да құлақ асқан жөн. Себебі оның барлығын ойдан шығармаған деп санаймын.

Түсік тастамасын деп, жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды. Аяғы ауыр әйел киім-кешегін қысқартпайды. Нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды деп ырымдайды.

Бала кіндігіне оралып қалады деп, екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.

Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса ұл туады деп ырымдайды.

Толғақ қысып жатқан әйелдің үйіндегі барлық сандықтардың (қазір шкафтардың) қақпағын және есіктерді ашып қояды. Сонда толғақ жеңіл өтеді деседі.

Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде тумайды деген ырым бар. (Осыған өзім қатты сенемін, себебі жолдасым анасының құрсағында 12 ай жатыпты. Мұнша уақыт домаланып жүрудің қалай болатынын мамам айтып берген)

Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып "жол ашу" ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.

Жүкті және жаңа босанған әйелге тез көз тиеді деп жатады. Сондықтан нәрестені қолыңызға алғаннан кейін 40 күнге дейін көпшіліктің көзінен таса болған жөн.

Босанған соң әйел шашының ұшын болса да қидырғаны дұрыс. Сол шашпен бойындағы жамандық болса (тіл-көз, жын-жыбыр) кетеді, өзі жеңілдеп қалады.

Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде "жер ана, күш-қуат бере гөр" деп жалаң аяқ жүргізеді екен", - деп білгенімен бөлісті жас ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818697-zkti-jelder-kazakty-kandaj-yrymdaryna-mn-berui-kerek/

pixel